ҒЫЛЫМ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ДЕРЕКТЕР: БҮГІНГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Картография және геоинформатика кафедрасында заманауи ғылыми зерттеулер мен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктеріне арналған мазмұнды екі кездесу өтті.
Бүгінгі бағдарламаның алғашқы бөлігінде PhD Илья Заславскийдің (Ilya N. Zaslavsky) қатысуымен «Онлайн визуалды аналитика — SuAVE платформасын пайдалануымен воркшоп, соның ішінде библиографиялық талдау» тақырыбында практикалық воркшоп ұйымдастырылды.

Воркшоп барысында қатысушылар ғылыми ақпаратты визуалды түрде талдау, библиографиялық деректермен жұмыс істеу және SuAVE платформасының мүмкіндіктерін зерттеу бағытында тәжірибелік білім алды.
Илья Заславский — University of San Diego (California, USA) өкілі, Сан-Диего суперкомпьютер орталығының директоры. Ғалымның жоғары ғылыми көрсеткіштері мен заманауи деректерді өңдеу және визуалды аналитика саласындағы тәжірибесі кездесудің мазмұнын одан әрі толықтырды.
Күннің екінші бөлігінде SDSC директоры және ҚазҰУ-дың Инжиниринг және жоғары технологиялар кластерінде бас директоры және мамандарының қатысуымен арнайы кездесу өтті.
Кездесу барысында үлкен деректер инфрақұрылымы, сирек жер минералдарын барлау және құрғақшылық жағдайындағы ауыл шаруашылығы сияқты өзекті бағыттар талқыланды.
Мұндай кездесулер — ғылыми білім мен заманауи технологияларды ұштастырып, жаңа идеялар мен бірлескен зерттеу мүмкіндіктеріне жол ашатын маңызды алаң.
Картография және геоинформатика кафедрасы ғылым мен технологияның тоғысындағы жаңа мүмкіндіктерді бірге зерттеуге әрдайым ашық!
Басқа жаңалықтар