«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ — ҚазҰУ

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

4 қыркүйек 2026
«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2026 жылғы 4 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Тіл – татулық пен келісімнің негізі» тақырыбында өзге ұлт студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тілдің қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлін көрсету, көптілділік пен мәдени әралуандықты құрметтеуді насихаттау, сондай-ақ студенттер арасында достық пен өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында студенттер тілдің адамды және қоғамды біріктірудегі маңызы, Қазақстандағы тіл саясаты, мемлекеттік тілді меңгерудің қажеттілігі және әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен тілін құрметтеу мәселелері жөнінде пікір алмасты. Шараға қатысушылар ана тілін сақтау мен мемлекеттік тілді құрметтеудің, сондай-ақ өзге тілдерді үйренудің қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталды. Студенттер өздерінің тіл үйрену тәжірибелерімен бөлісіп, көптілді ортаның білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, түрлі мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтатынын атап өтті. Іс-шара барысында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел өзара құрмет, достық және мәдениеттер диалогын дамытуға бағытталған мазмұнды пікірталас алаңына айналды.

Шара соңында қатысушылар тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтарды жақындастыратын, татулық пен қоғамдық келісімді нығайтатын маңызды құндылық екенін атап өтті.