ERASMUS+ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Ca’ Foscari University of Venice университетінің «Trans-Mediterranean Studies: Migration, Cooperation and Development» магистратура бағдарламасының студенті Felicita Rossi-мен кездесу өтті.
Кездесуге факультет деканы, қауымдастырылған профессор Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев және факультет өкілдері қатысты. Кездесу барысында шетелдік магистрант факультеттің құрылымы, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстырылды. Сондай-ақ ҚазҰУ-дағы оқу мүмкіндіктері мен академиялық қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, білім мен тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Магистранттың жеке оқу жоспарына сәйкес ҚазҰУ-да бірқатар оқу пәндерін меңгеруі жоспарланған.
Аталған кездесу университеттің халықаралық академиялық серіктестікті кеңейту және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қолдау бағытындағы жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.
Басқа жаңалықтар