Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының туған күніне орай көшбасшылық дәріс — ҚазҰУ

Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының туған күніне орай көшбасшылық дәріс

5 қыркүйек 2026
Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының  туған күніне орай  көшбасшылық дәріс

2026 жылы 5 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің шәкірттеріне филология ғылымдарының докторы, профессор Тымбол Алтынай Оразбекқызының ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының туған күніне орай  ұйымдастырылған «Алаштықтар және ұлттық тіл мәселесі» атты көшбасшылық дәрісі өтті.

Дәрісте ұлттық білім мен ғылымның негізін қалаған реформатор-ғалым Ақымет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы мен Алаш жұртына сіңірген өлшеусіз еңбегі жан-жақты бағамдалды.

 

ХХ ғасырдың басындағы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды алаш қайраткерлерінің ұлттық тілді сақтап қалу мен дамытудағы тарихи рөлі, олар жазған алғашқы төл оқулықтар және сол кезеңде жарық көрген тұңғыш ұлттық «Қазақ» газеті туралы маңызды мағлұматтар айтылды.

Сондай-ақ ғалым алаш зиялыларының ғылыми тұжырымдары бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоғалтпағанын атап өтіп, оларды қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастыра сипаттады.