Мемлекеттік тілге құрмет - елге құрмет — ҚазҰУ

Мемлекеттік тілге құрмет - елге құрмет

5 қыркүйек 2026
Мемлекеттік тілге құрмет - елге құрмет

 

Бүгін елімізде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтілуде. Оның мақсаты - еліміздегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әрбір этностың тілі мен мәдениетіне құрмет көрсету, тілдік әралуандықты сақтау. Мерекенің маңызын арттыру мақсатында Үкімет арнайы қаулы қабылдап, нақты датаны бекітті, яғни 2017 жылдан бастап Тілдер күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құрметіне — 5 қыркүйекке ресми түрде ауыстырылды. 

Осы маңызды күнге арнап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің психолоия мамандығында оқитын 2 курс орыс тобының студенттері (эдвайзер – Ж.С. Сейітнұр) адамдардың мемлекеттік тілге қатысты ойларын анықтау мақсатында сауал жүргізді. Өздері мүмкіндігінше қазақ тілінде сөйлеуге тырысты. Қазақ тіліне деген құрмет университет қабырғасында қаланып жалғасын табуы тиіс.

 

Жарас Сейітнұр, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-професоры