«Тіл – достық көпірі» атты дөңгелек үстел өтті
04.09.2026 ж. сағат 14:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Тіл – достық көпірі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасының 2–3 курс қазақ, түркмен студенттері қатысты.
.jpeg)
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттер арасында достық пен өзара құрметті нығайту, тілдің халықтар арасындағы мәдени байланысты қалыптастырудағы маңызын түсіндіру, сондай-ақ қазақ және түрікмен халықтарының тілі мен мәдениетін жақынырақ таныстыру.
Кездесу барысында студенттер ана тілінің маңызы, көптілділіктің артықшылықтары, қазақ және түрікмен тілдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, екі халықтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары мен мәдени ерекшеліктері талқыланды.
.jpeg)
Іс-шара барысында студенттер белсенді қатысып, қазақ және түрікмен тілдеріндегі ұқсас сөздерді анықтауға арналған «Сөзді тап» ойынына қатысты. Сондай-ақ қатысушылар «Достық дегеніміз – …» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, достық, бірлік, сыйластық және өзара түсіністік құндылықтарының маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында студенттер бір-бірінің мәдениеті мен тіліне деген қызығушылықтарын білдіріп, жылы пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, мәдени әртүрлілікті құрметтеуге және өзара түсіністікті арттыруға бағытталған мазмұнды кездесуге айналды.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар