Туризм білімінде цифрлық құзыреттерді дамыту: Sabre жүйесі игерілді — ҚазҰУ

Туризм білімінде цифрлық құзыреттерді дамыту: Sabre жүйесі игерілді

7 қыркүйек 2026
Туризм білімінде цифрлық құзыреттерді дамыту: Sabre жүйесі игерілді

География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Сақыпбек Мереке, Нұрұлы Елдар және Әділбай Бекзат «Туризмдегі жаһандық дистрибутивтік жүйелер» (GDS) пәні аясында Sabre жаһандық брондау жүйесі бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Sabre – туризм индустриясындағы жетекші жаһандық дистрибутивтік жүйелердің (GDS) бірі. Ол әуе компаниялары, қонақүйлер, автокөлік жалдау қызметтері, теміржол және басқа да туристік қызмет көрсетушілер туралы ақпаратты бір платформада біріктіріп, туристік агенттіктер мен басқа да сату арналарына ұсыныстарды іздеуге, салыстыруға және брондауға мүмкіндік береді. 

Оқу барысында оқытушылар Sabre жүйесінің негізгі функционалдық мүмкіндіктерін меңгеріп, туристік қызметтерді брондау үдерісін ұйымдастыру, ақпаратты іздеу және жүйемен кәсіби жұмыс істеу бағытында тәжірбиелік дағдыларын жетілдірді. 

Курс нәтижесінде алынған кәсіби құзыреттер «Туризм» білім беру бағдарламасының оқу үдерісіне енгізіліп, студенттердің заманауи туристік брондау жүйелерімен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік білімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бастама білім беру мен туризм индустриясының өзара байланысын нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандарды еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.