ҚазҰУ ғалымдары Қытай мен Орталық Азия жетекші мамандарымен тәжірибе алмасты — ҚазҰУ

ҚазҰУ ғалымдары Қытай мен Орталық Азия жетекші мамандарымен тәжірибе алмасты

7 қыркүйек 2026
ҚазҰУ ғалымдары Қытай мен Орталық Азия жетекші мамандарымен тәжірибе алмасты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы Шихэцзы университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен China–Central Asia Young Engineers Exchange Event халықаралық іс-шарасына қатысты. Басқосуға Қытай мен Орталық Азияның жас инженерлері, ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері жиналды.

Халықаралық басқосуда инженерлік білімді дамытудың соны үрдістері, инновациялық технологиялар, энергетика, цифрландыру және жасыл технологиялар аясындағы орнықты даму мәселелері кеңінен талқыланды. Шарада ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің деканы Мөлдір Дүйсебаева баяндама жасап, университеттегі инженерлік білім мен ғылыми-зерттеу инновацияларының әлеуетін таныстырды. Сонымен қатар жиынға ҚазҰУ-дың белгілі ғалымдары – ҚР ҰҒА академигі Мұхамбетқали Бүркітбаев пен Ұлттық инженерлік академияның академигі Григорий Мун, сондай-ақ университеттің жас зерттеушілері мен докторанттары Даниил Шепилов пен Баянсұлу Өтегенова белсене қатысып, халықаралық әріптестерімен кәсіби тәжірибе бөлісті.

Форум аясында ғалымдар Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) өкілдерімен арнайы кездесіп, инженерия, энергетика және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективаларын айқындады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі