- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тазалық – табалдырықтан басталады: ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары сенбілікке шықты!
Тазалық – табалдырықтан басталады: ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары сенбілікке шықты!
6 қыркүйек 2026
Өзіміз тұратын, білім алатын сүйікті кампусымызды таза әрі жайлы ұстау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Осы демалыста, сенбі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №4 және №15 жатақханаларының айналасында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына белсенді студенттеріміз бен құрметті оқытушыларымыз бір кісідей атсалысты. Жатақхана маңы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.

Жасыл желек пен ағаштар күтіп-бапталды. Таза ауада бірге еңбек етіп, көңілді де пайдалы уақыт өткіздік. Ұйымшылдық пен белсенділік танытқан барша қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! Біздің жатақхана – біздің ортақ үйіміз. Тазалықты өзімізден бастайық!
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026