Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен алғашқы жұмыс жиналысы өтті — ҚазҰУ

Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен алғашқы жұмыс жиналысы өтті

24 тамыз 2026
Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен алғашқы жұмыс жиналысы өтті

Бүгін студенттер үйлерінің меңгерушілері мен студенттік қалашық мамандарының қатысуымен студенттерді студенттер үйлеріне орналастыру мәселелеріне арналған жұмыс жиналысы өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылында студенттерді студенттер үйлеріне орналастыру үдерісін тиімді ұйымдастыру, бос орындарды үйлестіру және студенттердің тұрғын үйге деген қажеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында студенттерді орналастыру тәртібі, орындарды тиімді бөлу, студенттердің өтініштері мен жеке жағдайларын ескеру, сондай-ақ орналастыру үдерісін жүйелі әрі ашық ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, студенттер үйлеріндегі бос орындардың қазіргі жағдайы, орналастыру барысында туындауы мүмкін мәселелерді жедел шешу, студенттердің өтініштерін уақытылы қарастыру және жауапты мамандардың өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасылды.

Жиын қорытындысы бойынша студенттерді студенттер үйлеріне орналастыру жұмыстарын сапалы әрі уақтылы ұйымдастыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.