ҚазҰУ түлегінен халықаралық биофармацевтика маманына дейін: Маржан Мурсалимованың гендік терапия саласындағы ғылыми жолы — ҚазҰУ

ҚазҰУ түлегінен халықаралық биофармацевтика маманына дейін: Маржан Мурсалимованың гендік терапия саласындағы ғылыми жолы

7 қыркүйек 2026
ҚазҰУ түлегінен халықаралық биофармацевтика маманына дейін: Маржан Мурсалимованың гендік терапия саласындағы ғылыми жолы

Менің атым – Маржан Мурсалимова. Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегімін. Бакалавриаттың екінші курсынан бастап ҚазҰУ-дың Молекулалық генетика зертханасында профессор Бисенбаев Амангелды жетекшілігінің астында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыстым. 

Қазіргі таңда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан Astellas компаниясында қызмет етемін. Astellas - әлемдегі жетекші биофармацевтикалық компаниялардың бірі. 

Менің негізгі ғылыми бағытым - глаукоматозды оптикалық нейропатия, Помпе ауруы және бұлшықет дистрофиялары сияқты тұқым қуалайтын ауруларға аденоассоциациялық вирустар (AAV) негізіндегі гендік терапия әзірлеу. Бұл әдістің мәні – қажетті сау генді AAV векторына енгізіп, оны адамның ағзасына жеткізу. Нәтижесінде сау ген экспрессияланып, уақыт өте келе адамның көру қабілеті немесе бұлшықет қызметі біртіндеп қалпына келе бастайды. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алған терең теориялық білімім мен Молекулалық генетика зертханасында профессор Бисенбаев Амангелды жетекшілігінің астында жинақтаған тәжірибем бүгінгі күні жүргізіп отырған әрбір ғылыми зерттеуімнің берік негізін қалыптастырды. Соның арқасында әлемдік деңгейдегі компанияда жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болдым.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының түлегі Маржан Мурсалимовамен сұхбаттан