XXII Азия-Тынық мұхит және IX «Жібек Жолы» математикалық олимпиадалары – 2010

9 наурыз, 2010

2010 жылдың наурыз айының 8-9 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен "Дарын" Республикалық ғылыми- практикалық орталығы XXII Азия-Тынық мұхит (АТММО) және IX «Жібек Жолы» (ЖЖМО) математикалық олимпиадаларын өткізді.

АТММО-на 38 мемлекет қатысты: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пакистан, Панама, Перу, Филиппины, Пуэрто-Рико, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікыстан, Тайланд, Тринидад және Тобаго, Түркменыстан, АҚШ, Гондурас, Оңтүстік Африка, Түркия, Уругвай. АТММО сайты: http://www.kms.or.kr/competitions/apmo/.

ЖЖМО-на Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан мемлекеттер қатысты: Қазақстан, Өзбекыстан, Қырғызстан, Түркменыстан, Түркия, Азербайжан, Қытай және басқалар.