Студент және заң: құқықтар мен міндеттер — ҚазҰУ

Студент және заң: құқықтар мен міндеттер

7 қыркүйек 2026
Студент және заң: құқықтар мен міндеттер

2026 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15:00-де 327 аудиторияда 6В05105 – «Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Студент және заң: құқықтар мен міндеттер» тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын насихаттау.

Іс-шара барысында студенттерге білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, оқу үдерісіндегі жауапкершілігі, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, академиялық адалдық қағидаттары және қолданыстағы заңнама талаптары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, күнделікті өмірде заң талаптарын білу және өз құқықтарын дұрыс пайдалану қажеттілігі атап өтілді.

Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Кафедра молекулярной биологии и генетики