Мемлекеттік тіл және медиакеңістік — ҚазҰУ

Мемлекеттік тіл және медиакеңістік

5 қыркүйек 2026
Мемлекеттік тіл және медиакеңістік

5 қыркүйекте Журналистика факультетінде «Мемлекеттік тіл және медиакеңістік» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында қазақ тілінің қазіргі медиа кеңістіктегі қолданысы мен даму үдерістері сөз болды.

Іс-шарада мемлекеттік тілдің қазіргі журналистикадағы орны, медиакеңістіктегі қолданысы, сондай-ақ қазақ тіліндегі контентті әзірлеу мен таратудың ерекшеліктері талқыланды. Қазіргі таңда журналистер, редакторлар, жүргізушілер мен цифрлық контент авторлары ақпарат таратумен қатар, қоғамдағы тілдік қолданысқа және коммуникация мәдениетінің қалыптасуына да ықпал етеді. 
Осыған байланысты мемлекеттік тілдегі сапалы әрі кәсіби медиаконтентке деген сұраныс артып келеді.

Кездесу барысында болашақ журналистердің қазақтілді медиаконтентті дамытудағы орнына да назар аударылды. 
Студенттер өздерінің болашақ кәсіби қызметінде мемлекеттік тілді тиімді қолдану, сауатты контент әзірлеу және заманауи медиаталаптарға сай жұмыс істеу мәселелері жөнінде ой бөлісті.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тіл мен қазіргі медиаға қатысты өз ойларын ортаға салды.