«Ғылымға арналған ғұмыр: ардагер ғалымдардың өнегесі»
2026 жылғы 10 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының студенттерінің қатысуымен азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты бойынша «Ғылымға арналған ғұмыр: ардагер ғалымдардың өнегесі» атты көшбасшылық дәріс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге ғылым жолын таңдаған ардагер ғалымдардың өмірі мен кәсіби жолын таныстыру, олардың ғылыми еңбегін насихаттау, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету және студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Дәріс барысында ғылым саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ғалымдардың ғылыми ізденістері, кәсіби жетістіктері, білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы сөз қозғалды. Ғалымдардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі, ізденімпаздығы мен өз мамандығына деген адалдығы жас студенттер үшін маңызды үлгі ретінде атап өтілді.Студенттер ардагер ғалымдардың өмір жолынан ғылымда жетістікке жетудің басты шарттарының бірі – үздіксіз ізденіс пен білімге деген құштарлық екенін түсінді. Сонымен қатар іс-шара барысында ғылым мен білімнің ел дамуы үшін маңызы, отандық ғылымды дамытуға жастардың қосатын үлесі туралы пікірлер айтылды.Көшбасшылық дәріс студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін және ғылымға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.
Зоология, гистология және цитология кафедрасының оқытушы-эдвайзерлері: Манкибаева С.А, Тілешова М.Т.
Басқа жаңалықтар