Научная стажировка — ҚазҰУ

Научная стажировка

24 тамыз 2026
Научная стажировка

2026 жылғы 21 шілде мен 27 тамыз аралығында Абдыбай Ұлан Болатбекұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, Германияның Кётен қаласындағы Hochschule Anhalt университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты — докторлық диссертация тақырыбы аясында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану және автономды энергетикалық жүйелерді дамыту бағытында тәжірибе жинақтау болды.

Зерттеу жұмыстары барысында күн энергиясы мен металл-ауа батареяларын біріктіретін автономды энергетикалық жүйелер, олардың жұмыс істеу принциптері және энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндіктері зерттелді.

Ғылыми тағылымдама Prof. Dr. Carlos Meza жетекшілігімен жүргізіліп, халықаралық ғылыми ортада жұмыс істеуге, жаңа білім мен практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шетелдік ғалымдармен кәсіби байланыс орнатып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік туды. 🇰🇿🤝🇩🇪