- Басты бет
- Жаңалықтар
- ПОЛИЮ-ҚАЗҰУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ПОЛИЮ-ҚАЗҰУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гонконг политехникалық университетінің өкілдерін біріктіретін ПолиЮ–ҚазҰУ Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы Атқарушы комитетінің жыл сайынғы отырысы өтті. Отырыс жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің, социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының, география және табиғатты пайдалану факультетінің, сондай-ақ Гонконг политехникалық университетінің Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаментінің (APSS) өкілдері қатысты.
Отырыс барысында жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелері таныстырылып, зерттеу топтарының негізгі жетістіктері мен ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік зерттеулер саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Аталған жобалар аясында деректерді жинау мен талдаудың жекелеген кезеңдері аяқталып, алдын ала нәтижелер әзірленді, ғылыми жарияланымдар мен халықаралық конференцияларға арналған баяндамаларды дайындау жұмыстары жалғасуда.
Күн тәртібінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы мен Гонконг политехникалық университетінің Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаменті (APSS PolyU) арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесіне ерекше орын берілді. Тараптар бірлескен зерттеулерді жалғастыру, ғылыми жарияланымдар дайындау, жас зерттеушілерді ғылыми жұмыстарға тарту, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.
Отырысқа қатысушылар әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық зерттеу желісін одан әрі кеңейтудің, академиялық тәжірибе алмасудың және жас ғалымдарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар студенттер мен жас зерттеушілердің халықаралық конференцияларға, бірлескен ғылыми жарияланымдарға және зерттеу алмасу бағдарламаларына қатысуы үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.
Атқарушы комитеттің жыл сайынғы отырысының қорытындысы бойынша тараптар Орталықты бірлескен зерттеулерді, білім беру бастамаларын және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң ретінде одан әрі жетілдіруге мүдделі екендерін растады
Басқа жаңалықтар