Таза орта – ортақ жауапкершілік — ҚазҰУ

Таза орта – ортақ жауапкершілік

12 қыркүйек 2026
Таза орта – ортақ жауапкершілік

Бүгін 12 қыркүйек күні университет аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке Жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері куратор-эдвайзер Құзаирова З.М. жетекшілігімен белсене қатысты. Студенттер университет аумағын тазалау, ретке келтіру және көркейту жұмыстарына атсалысып, өз үлестерін қосты.

 

 

Іс-шара барысында студенттер ұйымшылдық танытып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. Сенбілік студенттердің жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және университеттің таза әрі көрікті болуына үлес қосуға бағытталды.

Осындай игі іс-шаралар студенттер арасында бірлік пен жауапкершілікті қалыптастырып, оқу ордасына деген құрметті арттыруға ықпал етеді.