«Көптілдік – заманауи білімнің негізі»
2026 жылғы 9 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 3 курс студенттері «Көптілдік – заманауи білімнің негізі» тақырыбында пікірсайысқа қатысты. Іс-шара Тұрақты даму мақсатының 4-ші бағыты – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара студенттердің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, коммуникативтік дағдыларын, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы көптілділіктің маңызын түсінуге бағытталды. Пікірсайыс барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, түрлі көзқарастарды талқылап, өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғауға мүмкіндік алды.
Пікірсайыстың негізгі идеясы – көптілділіктің қазіргі білім беру жүйесіндегі және кәсіби даму барысындағы маңызын түсіндіру. Талқылау барысында студенттер бірнеше тілді меңгерудің артықшылықтарын, оның академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге әсерін, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы тілдік әртүрліліктің маңызын қарастырды.
Іс-шараға қатысу студенттердің көпшілік алдында сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлел келтіру және конструктивті диалог жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Өзекті тілдік және білім беру мәселелерін талқылау студенттерге тіл үйренудің маңызын және оның бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Көптілдік – заманауи білімнің негізі» тақырыбындағы пікірсайыс кафедраның білім беру мақсаттарына сәйкес өткізіліп, студенттердің интеллектуалдық және коммуникативтік белсенділігін арттыруға бағытталды. Аталған іс-шара студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және филология мен аударма ісі саласындағы болашақ кәсіби қызметіне қажетті құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Оңғарбаева М.С.
Басқа жаңалықтар