- Басты бет
- Кампус
- №4 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
№4 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
2026 жылғы 10 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №4 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында студенттік ортадағы тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік пен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Студенттер қалашығы директорының орынбасары Е.Т. Қалшаев, География және табиғатты пайдалану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нурланқызы, География және табиғатты пайдалану факультетінің аға кураторы Есболған Біржан қатысты.
Кездесу барысында қызметкерлер студенттермен еркін форматта пікір алмасып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады. Е.Т. Қалшаев өз сөзінде студенттердің тек сапалы білім алып қана қоймай, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде қалыптасуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, белгіленген тәртіп нормаларын ұстану және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызметкерлермен ашық пікір алмасты. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, этикалық құндылықтарды нығайтуға және студенттердің тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.


Басқа жаңалықтар