«Білім. Таңдау. Жауапкершілік»: Философия және саясаттану факультетінде дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

«Білім. Таңдау. Жауапкершілік»: Философия және саясаттану факультетінде дөңгелек үстел өтті

1 қыркүйек 2026
«Білім. Таңдау. Жауапкершілік»: Философия және саясаттану факультетінде дөңгелек үстел өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде 2026 жылы 1 қыркүйекте Білім күні мен сайлау нәтижелеріне арналған «Білім. Таңдау. Жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. 
Дөңгелек үстел мәжілісіне заңгер-ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Қашкенұлы Исабеков, Философия және саясаттану факультетінің ғалымдары қатысты. Құрылтай — қазақ қоғамында елдің маңызды мәселелерін талқылап, ортақ шешім қабылдайтын тарихи қоғамдық институт. Оның дәстүрі қазіргі қоғамда да өз мәнін жоғалтқан жоқ, бірақ мазмұны заман талабына сай өзгерді.
Құрылтай идеясы әртүрлі әлеуметтік топтардың басын қосып, ортақ мақсат пен ұлттық мүдде төңірегінде бірігуге мүмкіндік береді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылау азаматтардың ұсынысы мен көзқарасын билікке жеткізудің бір тәсілі бола алады.
Құрылтай арқылы тарих, тіл, дәстүр, мәдениет және елдік сана сияқты құндылықтарға назар аударылады.
Әртүрлі пікір иелерінің бір ортада пікір алмасуы өзара түсіністік пен келісім мәдениетін қалыптастырады.
Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтеді. Егер құрылтайда көтерілген мәселелер нақты шешімдерге ұласса, халықтың қоғамдық институттарға деген сенімі артады.
Құрылтайдың қазіргі қоғамдағы басты маңызы — ұлттық бірлікті сақтау, қоғамдық пікірді ескеру және маңызды мәселелерді бірлесіп талқылау. Яғни, тарихи дәстүр ретінде ғана емес, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың бір формасы ретінде де құнды. Алайда оның тиімділігі талқылаумен шектелмей, көтерілген мәселелердің нақты шешімге айналуына байланысты