БАҒДАРЫ БӨЛЕК «БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ»

26 тамыз, 2016

Та мыздың 24 жұлдызы «бағдарлау апталығы» бойынша тәрбие департаментінің жетекші мамандары

әр факультетте болып, бірінші курс студенттеріне жалпы қалашық өмірі жайында, жетістігі мен ерекшелігі жайында ақпарат беріп қайтты. Сонымен
қатар жалпы университеттік әлеуметтік-инновациялық «AL-FARABI university – smart city»; «Айналаңды нұрландыр»; «100 кітап»; «КазҰУ – грин
кампус» және «Саламатты дене мәдениеті» сынды жобалардың аңдатпасы таныстырылды. Болашаққа нық қадам басқан студенттердің талап-жігерлерін
қайрап, олардың «ҚазҰУ-дың студенті» деген мәртебеге лайық болу керек екендіктерін тілге тиек етіп өтті.
Әр факультеттің мәжіліс залдарында, оқу ғимараттарында студенттерге арналған «бағдарлау апталығының» лдәрісі оқылды. Факультет деканы мен
декан орынбасарлары, аға-оқытушылардың қатысуымен өткен бұл жиынның мақсаты студенттерге университетті таныстыру. Факультет декандары сөз
алып, студенттерге және ата-аналарға құттықтауларын айтып, факультеттерінің қызықты әрі ғылым игерудегі жетістіктері, студенттік
өмірде болатын керемет естеліктерімен бөлісті. Лекция аяқталысымен І курс студенттері айтылған ақпараттар бойынша жатақханаларымен, оқу
ғимараттарымен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығымен, «әл- Фараби» кітапханасымен танысты.
Ағымдағы жылда университет қабырғасында өзі оқып жатқан мамандық негізінде көп тілді игеру топтарын ашу қарастырылған. Ол үшін арнайы
тестілеуден өту талап етілген. Бағдарлау апталығының соңында І курс студенттері студенттік билеттерімен қоса, қалашық ішінде жүріп-тұруға ыңғайластырылған ID
карталарын алатын болады.