«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Табиғатты аялау – адамзаттың парызы» атты тәрбиелік сағат өткізілді — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Табиғатты аялау – адамзаттың парызы» атты тәрбиелік сағат өткізілді

11 қыркүйек 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Табиғатты аялау – адамзаттың парызы» атты тәрбиелік сағат өткізілді

2026 жылғы 11 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының 1–2 курс студенттерінің қатысуымен «Табиғатты аялау – адамзаттың парызы»атты тәрбиелік сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.Тәрбиелік сағат барысында табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаның тазалығы және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәселелері талқыланды. Студенттер экологиялық мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, табиғатты қорғауға әр адамның қосатын үлесі туралы ой бөлісті. Іс-шара барысында табиғатты аялау әр адамның күнделікті әрекетінен басталатыны атап өтілді. Тәрбиелік сағат студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Ұйымдастырушылар: Кафедра оқытушы-эдвайзерлері: Тілешова М.Т, Елтай Г.Е, Мауленова С