«Ардагер ғалымдардың өмірлік жолы» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың физика-техникалық факультеті, электроника және астрофизика кафедрасында 6B06201 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының 1–2 курс студенттері арасында «Ардагер ғалымдардың өмірлік жолы» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге отандық ғылымның дамуына үлес қосқан ардагер ғалымдардың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы мағлұмат беру, олардың өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету және студенттердің білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында ғылым саласында еңбек еткен аға буын ғалымдардың ғылыми ізденістері, кәсіби жолы, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Ғылым жолы үздіксіз ізденісті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті және табандылықты талап ететіні атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттерге «Ғалым болу үшін қандай қасиеттер қажет?», «Ардагер ғалымдардың өмір жолынан жастар қандай үлгі ала алады?», «Ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы маңызы қандай?» деген сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, ғылым мен білімнің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар студенттер ардагер ғалымдардың ғылыми мұрасын құрметтеу, олардың тәжірибесін зерделеу және кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Ғалымдардың өнегелі өмірі мен еңбегі студенттерді өз мамандығын терең меңгеруге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға және кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандыратыны айтылды.
Кураторлық іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Кездесу студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ардагер ғалымдардың өмірлік тәжірибесі мен ғылыми жолынан үлгі алуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар