Журналистика факультеті сенбілікке қатысты — ҚазҰУ

Журналистика факультеті сенбілікке қатысты

12 қыркүйек 2026
Журналистика факультеті сенбілікке қатысты

12 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында Журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері бірлесіп сенбілікке қатысып, университет аумағын тазарту және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сенбіліктің басты мақсаты – университет аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және білім алушылар арасында еңбекке деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шара барысында факультет ұжымы мен студенттер бірлесе еңбек етіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін танытты. Ортақ іске жұмылған қатысушылар университет аумағын көркейтуге атсалысып, өзара ынтымақтастықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

 

Журналистика факультетінің аға оқытушысы

Жазира Құтпанбаева