Әскери метеорология қызметінің мамандары ҚазҰУ-да біліктіліктерін арттыруда — ҚазҰУ

Әскери метеорология қызметінің мамандары ҚазҰУ-да біліктіліктерін арттыруда

15 қыркүйек 2026
Әскери метеорология қызметінің мамандары ҚазҰУ-да біліктіліктерін арттыруда

2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың метеорология және гидрология кафедрасында әскери метеорологиялық қызмет мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

Оқу курсына Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген маман қатысуда. Олар Астана, Қарағанды, Балқаш, Ақтау, Шымкент, Тараз, Талдықорған және Семей қалаларының өкілдері.

Курстар ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің Қазақстан-Қытай қашықтан зондтау технологиялары жөніндегі бірлескен зертханасы, оқу-зертханалық орталығы және метеорологиялық алаңы базасында өткізіледі.

Оқу бағдарламасы теориялық білім мен практикалық дайындықты қамтиды. Курсқа қатысушылар физикалық, синоптикалық және авиациялық метеорология негіздерін, сондай-ақ әскери метеорологиялық қызметтердің жұмыс ерекшеліктерін меңгереді. Сонымен қатар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың міндеттеріне ерекше назар аударылады.

Курстарды өткізу әскери метеорологиялық қызмет мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандардың үздіксіз кәсіби білім алуын, олардың құзыреттерін дамытуды және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз ету арқылы ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттарындағы әріптестік» мақсаттарын іске асыруға үлес қосады.