«Нашақорлық – ғасыр дерті!» атты ауқымды жиын өтті — ҚазҰУ

«Нашақорлық – ғасыр дерті!» атты ауқымды жиын өтті

13 қыркүйек 2026
«Нашақорлық – ғасыр дерті!» атты ауқымды жиын өтті

ҚазҰУ-да жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға арналған ауқымды видеодәріс өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті!» атты ауқымды жиын өтті. 13 қыркүйек күні сағат 11:00-де Б4-5А-аудиторияда ұйымдастырылған шара «Жастар және зиянды әдеттердің алдын алу: саналы таңдау мәдениеті» тақырыбындағы видеодәріс форматында өтті.

Бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесін талқылауға жиналған студенттер алдында еліміздің белгілі ғалымдары мен білікті мамандары баяндама жасады:

Бексейтова Р.Т. – география ғылымдарының докторы, профессор;

Какимжанов Е.Х. – PhD;

Джангулова Г.К. – техника ғылымдарының кандидаты.

Дәріс барысында спикерлер заманауи қоғамдағы есірткі тәуелділігінің, әсіресе синтетикалық заттардың таралуының алдын алу мәселелерін ғылыми, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан терең талдап берді. Профессор Р.Т. Бексейтова заманауи экологиялық және әлеуметтік факторлардың жастардың мінез-құлқы мен денсаулығына әсеріне тоқталса, PhD Е.Х. Какимжанов пен т.ғ.к. Г.К. Джангулова жат қылықтарға қарсы психологиялық иммунитет пен «саналы таңдау мәдениетін» қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Шара аясында студенттерге зиянды әдеттердің адам ағзасы мен болашағына тигізетін зардаптары туралы арнайы дайындалған интерактивті видеоматериалдар көрсетілді. Дәріс соңында қатысушылар спикерлерге көкейкесті сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылық пен жастар арасындағы жауапкершілікті арттыру төңірегінде ашық пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жиын студенттердің бойында жат ағымдар мен зиянды әдеттерге қарсы берік азаматтық ұстаным қалыптастыруға септігін тигізеді.