ҚазҰУ-да «Жас географтың қаржылық сауаттылығы» атты зияткерлік дәріс өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «Жас географтың қаржылық сауаттылығы» атты зияткерлік дәріс өтті

12 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-да «Жас географтың қаржылық сауаттылығы» атты зияткерлік дәріс өтті

2026 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 225-аудиториясында студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Жас географтың қаржылық сауаттылығы» атты маңызды дәріс болып өтті.

Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық — кез келген сала маманы, соның ішінде болашақ географтар мен экологтар үшін де өте өзекті дағды. Шараның басты мақсаты — жас зерттеушілерге ғылыми жобаларды басқару, гранттық қаржыландыруды тиімді игеру және заманауи экономикалық үдерістерді түсіну негіздерін үйрету болды.

Жиынның арнайы қонағы ретінде ЮНЕСКО қамқорлығындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының жетекшісі В.П. Капица дәріс оқыды. Білікті маман өз сөзінде іргелі ғылым мен қаржылық жоспарлаудың байланысына тоқталып, ірі халықаралық және өңірлік экологиялық-географиялық жобаларды сәтті жүзеге асырудың экономикалық тетіктерін түсіндірді. 

Сондай-ақ, жас ғалымдардың өз зерттеулерін коммерцияландыру мүмкіндіктері мен қаржылық тәуекелдерді басқару жолдары туралы құнды кеңестерімен бөлісті.Зияткерлік дәріс форматында өткен кездесу барысында студенттер мен жас ғалымдар спикерге сұрақтар қойып, ғылыми зерттеулерге инвестиция тарту және заманауи гранттарға өтінім беру ерекшеліктері төңірегінде белсенді пікір алмасты.Қатысушылар бұл шараның жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына және ғылыми сала мен қаржы әлемін ұштастыруға үлкен септігін тигізгенін атап өтті.