«Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті
2026 жылғы 5 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №7 Студенттер үйінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке №7 Студенттер үйінде тұратын студенттер белсенді қатысып, ғимараттың алдыңғы және артқы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Студенттер аумақты қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Іс-шараға №7 Студенттер үйінің меңгерушісі Құрманбекова Құралай Мұстафаевна және Биология және биотехнология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович қатысты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ студенттер үйінің аумағын таза әрі көрікті ұстау.
Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан студенттер «Таза Қазақстан» бастамасының маңыздылығын атап өтіп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті.
Осындай игі бастамалар студенттердің қоғамдық белсенділігін арттырып, тазалық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Деканның әлеуметтік – тәрбие жөніндегі орынбасары Басыгараев Ж.М.



Басқа жаңалықтар