«Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы» атты дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

«Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы» атты дөңгелек үстел өтті

9 қыркүйек 2026
«Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға еліміздегі конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ жастар арасында заңға құрмет пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Насырұлы Алихан қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың қоғам мен мемлекеттің дамуындағы рөлі, құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі конституциялық өзгерістердің қоғамдық-саяси және құқықтық үдерістерге ықпалы жөнінде мазмұнды ақпарат берілді.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты. Қонақ тарапынан қойылған сұрақтарға нақты түсініктемелер беріліп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің конституциялық құқық пен заңнаманың қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріліп, осындай құқықтық-ағартушылық кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Деканның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі орынбасары Басыгараев Ж.М.