Студенттер қалашығында «Таныс бол!» іс-шарасы өтті
Студенттер қалашығында жаңа оқу жылына орай студенттердің бір-бірімен танысуына, университеттік ортаға бейімделуіне және жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Таныс бол!» атты іс-шара өтті.
Іс-шараны Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Әнуарова Ақбата Әділғазықызы ұйымдастырды. Кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттерінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары, студенттік ұйымдардың өкілдері және білім алушылар қатысты.
Іс-шара барысында студенттерге университеттің қоғамдық және студенттік өмірі, жастар ұйымдарының қызметі, әлеуметтік-тәрбие бағытындағы жобалар мен бастамалар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
«Таныс бол!» іс-шарасының негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерінің университет өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, олардың шығармашылық және қоғамдық бастамаларын қолдау, сондай-ақ студенттер арасында өзара сыйластық пен бірлікті қалыптастыру.
Мұндай кездесулер студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне ықпал етіп, олардың университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады.
Деканның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.М. Басыгараев.

Басқа жаңалықтар