«Meet Your Department»: 1 курс студенттеріне бағыт-бағдар берілді — ҚазҰУ

«Meet Your Department»: 1 курс студенттеріне бағыт-бағдар берілді

2 қыркүйек 2026
«Meet Your Department»: 1 курс студенттеріне бағыт-бағдар берілді

Жаңа оқу жылының басталуына орай факультет кафедраларында 1 курс студенттеріне арналған «Meet Your Department» таныстыру кездесулері өтті.

Кездесулердің басты мақсаты – білім алушыларды университеттің академиялық ортасымен таныстырып, оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру және студенттік өмірге алғашқы қадамдарында қажетті бағыт-бағдар көрсету.

Іс-шара барысында студенттерге оқу процесін ұйымдастыру тәртібі, университет ұсынатын студенттік және халықаралық мүмкіндіктер, академиялық даму мен қосымша жобаларға қатысу жолдары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ 1 курс студенттері өздеріне бекітілген кураторлармен танысып, оқу барысында туындайтын мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндіктері туралы білді.

Кездесу аясында білім алушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясатымен, Ар-намыс кодексімен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Сонымен қатар оқу процесінде кеңінен қолданылатын UNIVER ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері түсіндіріліп, оны пайдалану тәртібі көрсетілді.

Кафедра өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, университеттегі оқу мен студенттік өмірге қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті.

«Meet Your Department» кездесулері жаңа студенттердің университеттік ортаға бейімделуіне, кафедрамен жақынырақ танысуына және оқу жылын сенімді бастауына мүмкіндік берді.