1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған кампус тур өтті — ҚазҰУ

1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған кампус тур өтті

3 қыркүйек 2026
1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған кампус тур өтті

Жаңа оқу жылының басталуына орай факультетте 1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған таныстыру кампус туры өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа білім алушыларды университет инфрақұрылымымен, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті негізгі нысандармен таныстыру, сондай-ақ олардың жаңа академиялық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету.

Кампус туры барысында магистранттар мен докторанттарға университеттің негізгі оқу және ғылыми кеңістіктері, білім алушыларға қызмет көрсететін инфрақұрылымдық нысандар мен қажетті ресурстар таныстырылды. Қатысушылар университет аумағындағы маңызды нысандардың орналасуы мен олардың қызметі туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар білім алушыларға магистратура мен докторантура кезеңіндегі оқу және ғылыми-зерттеу үдерістеріне қатысты маңызды ақпарат беріліп, университет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша бағыт-бағдар ұсынылды.

Кампус туры 1 курс магистранттары мен докторанттарының университет өмірімен жақынырақ танысып, жаңа академиялық ортаға сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.