Факультетте жаңа оқу жылы аясында студенттерге арналған «AI-Sana: Болашаққа қадам» тақырыбында таныстыру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жасанды интеллект саласындағы заманауи үрдістер туралы түсінігін кеңейту, цифрлық сауаттылығын арттыру және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді әрі жауапты қолдану мүмкіндіктерін таныстыру.
Кездесу барысында жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның білім беру, ғылым және кәсіби қызметтегі қолданылу бағыттары туралы ақпарат берілді. Студенттер AI құралдарының оқу материалдарын іздеу мен талдауда, идеяларды дамытуда, ақпаратты құрылымдауда және жеке білім алу траекториясын қалыптастыруда қалай қолданылатыны туралы мәлімет алды.
Сонымен қатар жасанды интеллектпен жұмыс істеу кезінде ақпараттың дұрыстығын тексеру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және технологияны жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«AI-Sana: Болашаққа қадам» – студенттерді жаңа технологияларды меңгеруге ынталандырып, олардың цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған бастамалардың бірі. Іс-шара қатысушыларға жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім мен кәсіби дамудың жаңа құралдарының бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар