«Тіл – ұлттық код»: Тілдер күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті
4 қыркүйек 2026 жыл
Тілдер күніне орай факультетте «Тіл – ұлттық код» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің тілге деген құрметін арттыру, ана тілінің ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызын түсіндіру және көптілді ортада мәдени әрі тілдік ерекшеліктерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында тілдің ұлттың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі туралы сөз қозғалды. Студенттер тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың рухани мұрасы мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын маңызды құндылық екенін атап өтті.
Тәрбие сағаты барысында студенттер тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, тілдің қоғамдағы орны, мемлекеттік тілді дамыту және бірнеше тілді меңгерудің заманауи мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
«Тіл – ұлттық код» атты ашық тәрбие сағаты студенттердің тілге, мәдени мұраға және ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға бағытталған тағылымды іс-шара болды.
Басқа жаңалықтар