1 курс студенттеріне идеологиялық және тәрбие жұмыстары таныстырылды
Факультетте 1 курс студенттеріне арналған идеологиялық және тәрбие жұмыстарын таныстыру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерді университеттегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстыру, қоғамдық және мәдени ортаға белсенді араласуына бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында білім алушыларға факультет пен университет деңгейінде жүзеге асырылатын тәрбие жұмыстары, студенттердің қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері және жастардың азаматтық жауапкершілігін, мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді.
Кездесу аясында негізгі идеологиялық бағыттар талқыланып, олардың студенттік ортадағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушыларға өзара сыйластық, жауапкершілік, академиялық және қоғамдық мәдениет, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және белсенді азаматтық ұстаным мәселелеріне назар аударылды.
1 курс студенттері кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университеттегі қоғамдық және тәрбие жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.
Кездесу студенттердің университеттік ортаға бейімделуіне және оқу үдерісімен қатар қоғамдық өмірге белсенді араласуына бағыт-бағдар берді.
Басқа жаңалықтар