Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өтті — ҚазҰУ

Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

9 қыркүйек 2026
Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

9 қыркүйек күні Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенттері Huawei компаниясының өкілдерімен өткен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында студенттерге ақпараттық технологиялар саласының қазіргі даму үрдістері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Компания өкілдері заманауи технологиялар саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, IT мамандарына қойылатын қазіргі талаптарға тоқталды.

Іс-шара аясында студенттер үшін кәсіби даму, технологиялық жобаларға қатысу және халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар білім алушылар компания өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, IT индустриясының мамандарымен еркін пікір алмасты.

Кездесу студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруына, технология саласындағы кәсіби бағдарын кеңейтуіне және болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы түсінігін арттыруға мүмкіндік берді.