«Balmuzdaq Party»: 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті
10 қыркүйек күні 8 студенттер үйінің тұрғындары үшін 1 курс студенттерін университеттік ортаға бейімдеу және жаңа білім алушыларды ортаға тарту мақсатында «Balmuzdaq Party» атты қабылдау кеші ұйымдастырылды.
Кештің басты мақсаты – бірінші курс студенттерін бір-бірімен жақынырақ таныстыру, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жатақханадағы белсенді әрі жайлы орта қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән мен биге арналған көңілді бағдарламалар ұсынылды. Қатысушылар ойындарға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, жаңа достар табуға мүмкіндік алды.
«Balmuzdaq Party» кеші 8 студенттер үйінің тұрғындары үшін жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, студенттік өмірдің қызықты сәттерін бірге өткізуге мүмкіндік берген мазмұнды әрі көңілді шара болды.
Басқа жаңалықтар