«Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік»: жалпыуниверситеттік сенбілік өтті — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік»: жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

12 қыркүйек 2026
«Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік»: жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

12 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті.

Тазалық акциясына университеттің құрылымдық бөлімшелерімен қатар студенттер де белсенді қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – университет аумағының тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және ортақ кеңістікке деген жауапкершілікті арттыру.

Сенбілік барысында қатысушылар университет аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аула мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді. Студенттер ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Жалпыуниверситеттік сенбілік студенттер мен университет ұжымы арасында экологиялық мәдениетті нығайтып, тазалық пен тәртіпті сақтаудың ортақ міндет екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.