Факультеттің алғашқы Ғылыми кеңес отырысында QS/THE рейтингтері талқыланды
10 қыркүйек күні Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Жиынға факультет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, факультеттің ғылыми және академиялық даму бағыттарына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Отырысқа университеттің Стратегиялық даму орталығының директоры Байжұма Жандос арнайы қатысты.
Кездесу барысында жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін айқындайтын QS және THE рейтингтері, олардың негізгі бағалау бағыттары мен университеттің халықаралық академиялық беделін арттыруға ықпал ететін факторлар талқыланды.
Сонымен қатар факультеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, академиялық және ғылыми көрсеткіштерді арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.
Стратегиялық даму орталығының директоры Байжұма Жандос рейтингтік көрсеткіштердің маңыздылығы мен оларды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың қажеттілігіне тоқталып, факультет үшін өзекті бағыттар бойынша ақпаратпен бөлісті.
Ғылыми кеңес отырысы факультеттің алдағы академиялық және ғылыми дамуының басым бағыттарын айқындауға, стратегиялық міндеттерді талқылауға және факультет ұжымының ортақ мақсаттарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар