Қарқынды тіл курстары өз мәресіне жетті. — ҚазҰУ

Қарқынды тіл курстары өз мәресіне жетті.

17 қыркүйек 2026
Қарқынды тіл курстары өз мәресіне жетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Глосса» білім беру қызметтерінің көпсалалы ғылыми-инновациялық орталығында ұйымдастырылған қарқынды тіл курстары өз мәресіне жетті.

Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған шетелдік және отандық білім алушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Биылғы маусымда тілдік дайындықтан өтіп, сертификат иегері атанған түлектердің қатарында:

Юй Гуанжун, Абадилла Джос Аарон Каблаида, Хумметджумаева Багул, Атаева Айболек бар.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.К. Галееваның шешімімен бекітілген бұл бағдарлама білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Орталық директоры Б.У. Джолдасбекованың айтуынша, қарқынды оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қысқа мерзім ішінде тілдік кедергілерді еңсеріп, еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық білім беру кеңістігіндегі жетекші рөлін нығайта отырып, шетелдік студенттерге сапалы білім беруді және заманауи оқыту әдістемелерін ұсынуды жалғастыруда.

Сертификат иегерлерін құттықтаймыз! Оларға алдағы оқуында толағай табыс, жаңа жетістіктер және сәтті сапар тілейміз!