- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Костомаров атты жұлдыз»: филология факультетінің орыс филологиясы және әлем тілдері кафедрасының студенттері көрнекті орыстанушының мұрасымен танысты
«Костомаров атты жұлдыз»: филология факультетінің орыс филологиясы және әлем тілдері кафедрасының студенттері көрнекті орыстанушының мұрасымен танысты
2026 жылғы 16 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің Мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері орталығында «Русский мир» телерадиокомпаниясы түсірген «Костомаров атты жұлдыз» деректі фильмі көрсетілді.

Іс-шараға филология факультетінің 3-курс студенттері – орыс тілі мен әдебиеті саласының болашақ мамандары қатысты.
Деректі фильмде көрнекті филолог, лингвист, академик, орыстану ғылымының ең танымал өкілдерінің бірі, орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен тәжірибесін дамытуға елеулі үлес қосқан Виталий Григорьевич Костомаровтың өмірі мен ғылыми жолы баяндалады.

Ғалымның ғылыми өмірбаянында А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтын құру және дамыту қызметі ерекше орын алады. В.Г. Костомаровтың еңбегінің арқасында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесі одан әрі дамып, оның ғылыми еңбектері орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи әдістемесіне айтарлықтай ықпал етті.
Фильмді тамашалау студенттер үшін көрнекті ғалымның өмірбаянымен танысу ғана емес, сонымен қатар орыс тілінің ғылым, білім беру және мәдениетаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі маңызын жаңаша пайымдауға мүмкіндік берді.

В.Г. Костомаровтың тұлғасы болашақ филолог-оқытушылар үшін ерекше маңызға ие. Оның ғылыми мұрасы тілді мәдениетпен, қоғаммен және тарихпен тығыз байланыстағы тірі құбылыс ретінде түсінуге негізделген. Бұл идеялар заманауи білім беру технологиялары дамып, орыс тілінің халықаралық кеңістігі кеңейіп жатқан қазіргі кезеңде де өзектілігін сақтап отыр.
Фильм көрсетілімінен кейін талқылау ұйымдастырылды. Студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, В.Г. Костомаровтың ғылыми және педагогикалық мұрасының маңызын атап өтті, сондай-ақ орыс тілін сақтау мен дамытудағы қазіргі филологтердің рөлін талқылады.
Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті Орталығының ағартушылық жұмысы аясында ұйымдастырылып, орыс тілін, мәдениетін және көрнекті орыстанушы ғалымдардың ғылыми мұрасын дәріптеуге бағытталған қызметінің жалғасы болды.
Орталық директоры
С. Бегалиева
Басқа жаңалықтар