1 курс докторанттарымен кездесу — ҚазҰУ

1 курс докторанттарымен кездесу

16 қыркүйек 2026
1 курс докторанттарымен кездесу

 

 

16 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде 1 курс докторанттарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге факультет деканы Б.Б. Мейрбаев, сондай-ақ деканның оқу-әдістемелік жұмыс және ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында докторанттарға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, диссертациялық зерттеуді жүргізу тәртібі және академиялық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, факультет басшылығымен пікір алмасты.

Факультет басшылығы жас зерттеушілерге жаңа оқу жылында ғылыми ізденістеріне сәттілік тілеп, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетілетінін атап өтті.