«Табысты түлек – оқу орнының мақтанышы» — ҚазҰУ

«Табысты түлек – оқу орнының мақтанышы»

17 қыркүйек 2026
«Табысты түлек – оқу орнының мақтанышы»

2026 жылғы 17 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының 1–2 курс студенттері арасында «Табысты түлек – оқу орнының мақтанышы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шара рухани-адамгершілік тәрбие бағыты аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың тұлғалық және кәсіби дамуына қолдау көрсету, университет түлектерінің жетістік жолын жастарға үлгі ету, сондай-ақ студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруды мақсат етті.Кездесу барысында студенттерге кәсіби бағытты дұрыс таңдау, алға нақты мақсат қою, үздіксіз білім алу және өз саласында білікті маман болудың маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар еңбекқорлық, жауапкершілік, адалдық, ізденімпаздық сияқты адамгершілік құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлі атап өтілді.Табысты түлектердің кәсіби қалыптасу жолы мен өмірлік тәжірибесі студенттер үшін маңызды мотивациялық үлгі болды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандыққа қатысты пайдалы кеңестер мен тәжірибелік ұсыныстар алды.Мұндай кездесулер студенттердің университетпен байланысын нығайтып, сабақтастықты қалыптастыруға және жастардың болашақ кәсіби жолына сенімді қадам жасауына ықпал етеді. Табысты түлек – білім ордасының жетістігі мен университеттік құндылықтардың жарқын көрінісі. 

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен (сабақтасып, сапалы білім беруге (ТДМ 4), бейбіт әрі әділетті қоғамды қалыптастыруға (ТДМ 16) және өзара тиімді әріптестікті дамытуға (ТДМ 17) бағытталған құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік берді.


Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушылары: 

Тілешова М.Т, Айсабаева А.Елтай Г.Е