- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҒЗЖИ Ақтау филиалының делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетіне келді
ҚазҒЗЖИ Ақтау филиалының делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетіне келді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде ҚазҒЗЖИ Ақтау филиалының делегациясымен кездесуі өтті.

Сапардың негізгі мақсаты – факультеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, зертханаларымен және жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысу, сондай-ақ геомеханика, геодезия, геоақпараттық технологиялар, Жерді қашықтан зондтау және қоршаған ортаны мониторингілеу бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды.
Кездесу барысында қонақтарға «Тұрақты даму және табиғатты рационалды пайдалану» ғылыми орталығының қызметі таныстырылды. Делегация цифрлық картография және қолданбалы геодезия, ландшафттар деградациясын геоақпараттық талдау, топырақ экологиясы, су ресурстарының сапалық құрамының динамикасын модельдеу, экологиялық қауіпсіздік, климат және модельдеу бағыттарындағы зертханалардың, GLOBALSKY зертханасының, сондай-ақ «Қашықтан зондтау технологиялары және оны қолдану» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының жұмысымен танысты.

Жоғары дәлдіктегі геодезиялық әдістерді, ГАЖ-технологияларды, спутниктік деректерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және цифрлық модельдеуді аумақтардың жай-күйін бағалау, деформациялық, табиғи және техногендік процестерді мониторингілеу үшін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар геомеханикалық әдістерді қашықтан мониторингтеу және кеңістіктік талдау технологияларымен ықпалдастыруды қоса алғанда, бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларын талқылады. Мұндай тәсілдер аумақтардың тұрақтылығын бағалау, инженерлік нысандарды мониторингілеу, табиғи және техногендік тәуекелдерді зерттеу, соның ішінде Батыс Қазақстан өңірлеріне тән міндеттерді шешу үшін қолданылуы мүмкін.
.jpeg)
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Басқа жаңалықтар