ҚазҰУ мен Сеул ұлттық университеті жаңа ғылыми бастамаларға жол ашты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сеул ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісімге «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммиті аясында қол жеткізілді.
Меморандум студенттер мен оқытушыларды, университет қызметкерлерін алмасуды көздейді. Сонымен қатар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, дереккөздер, жарияланымдар және басқа да академиялық ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік береді.

Тараптар зерттеу саласындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аудармақ. Ортақ келісім бірлескен ғылыми бастамаларды қалыптастыруға негіз жасап, ортақ жобаларды іске асыру үшін ұлттық және халықаралық ұйымдардың қаржыландыруын тарту мүмкіндігін қарастырады.
Ресми құжатқа ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор м.а. Самғат Ермекбаев пен Сеул ұлттық университетінің вице-президенті қол қойды.

Сеул ұлттық университеті Корея Республикасының жоғары білім беру жүйесінде айрықша орын алады және елдің жетекші үш университетін біріктіретін беделді SKY тобына кіреді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар