- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда жүргізілген далалық жұмыстар барысында археологиялық ескерткіштердің цифрлық модельдері жасалды
Шығыс Қазақстанда жүргізілген далалық жұмыстар барысында археологиялық ескерткіштердің цифрлық модельдері жасалды
2026 жылғы далалық маусымда Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында археологиялық кешендердің цифрлық модельдерін жасауға бағытталған далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының қызметкерлері, сондай-ақ ҚазҰУ Археология және антропология институтының қызметкерлері қатысты.
Далалық жұмыстардың мақсаты – камеральдық зерттеулер кезеңінде алдын ала анықталған археологиялық нысандары бар учаскелерді далалық верификациялау, сондай-ақ Бөгімүйіз, Тосқайың және Балықтыбұлақ ауылдарының маңында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарының, соның ішінде қорған кешендері мен басқа да археологиялық нысандардың ықтимал орналасу аумақтарына жоғары дәлдіктегі аэрофототүсірілім жүргізілді.
Экспедиция барысында алдын ала белгіленген учаскелерге далалық тексеру жүргізіліп, негізгі аумақтарға аэрофототүсірілім жасалды. Алынған цифрлық деректер одан әрі талдау, картографиялау және археологиялық нысандарды автоматтандырылған іздеу әдістерін әзірлеу үшін пайдаланылуда.
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданындағы далалық зерттеу жұмыстарының барлық міндеттері толық көлемде орындалды.
Зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP26100595 «Марқакөл қазаншұңқырының археологиялық ескерткіштері мен мәдени мұрасы: пәнаралық және кешенді зерттеу» ғылыми жобасы аясында жүргізілуде.
Басқа жаңалықтар