- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студенттер қатарына қабылдау: ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде бірінші курс студенттеріне арналған кеш өтті
Студенттер қатарына қабылдау: ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде бірінші курс студенттеріне арналған кеш өтті
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде студенттік декан Шерхан Амангелдінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттерін бейресми қабылдау кеші өтті.
Бұл кешке факультетіміздің 250-ге жуық 1 курс студенттері қатысты. Шара №5 студенттер үйінің алдында әсем әуенмен басталып, көңілді би кешімен аяқталды.
«Кеш мен үшін ерекше деңгейде өтті. Әр студентке балмұздақ таратты. Тематикалық стильде киініп келген креативті қатысушыларға сыйлықтар берді. Би билеп, ән айтып, университетіміздің ұйымдарының өнерін тамашаладық», – дейді 1 курс студенті Толғанай Абдинаби.

Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026