Қазақстан халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өткізілді — ҚазҰУ

Қазақстан халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

5 қыркүйек 2026
Қазақстан халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

   5 қыркүйек 2026 жылы Қазақстан халқы тілдері күніне орай География және табиғатты пайдалану факультетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

   Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, тіл саясаты, азаматтардың тілдік құқықтары мен қолданыстағы заңнамалық нормалар талқыланды. Сонымен қатар көптілді орта қалыптастыру, тіл мәдениетін жетілдіру және жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

   Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, тілдің қоғамдық өмірдегі маңызына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

   Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттердің тіл саласындағы білімін кеңейту, мемлекеттік тілге құрметті арттыру және Қазақстандағы тіл саясатының негізгі бағыттары туралы түсініктерін қалыптастыру.

   Аталған кездесу жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, тілдік мәдениетті дамытуға және қоғамдағы өзара түсіністік пен құрмет құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.