Кітап оқитын ұлт – кемел болашақтың негізі — ҚазҰУ

Кітап оқитын ұлт – кемел болашақтың негізі

18 қыркүйек 2026
Кітап оқитын ұлт – кемел болашақтың негізі

 2026 жылғы 18 қыркүйекте География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенттері кітапқа деген қызығушылықтары мен оқу мәдениетіне қатысты өз ойларымен бөлісті.

  Кітап – жай ғана парақтар жиынтығы емес. Ол – жаңа ойдың бастауы, көзқарастың өзгеруі, өзіңді танудың бір жолы. Әр адамның таңдаған кітабы – оның ойлау әлемінің кішкентай бөлігі.

  Студенттердің таңдаған кітаптары мен олар туралы айтқан пікірлері әрқайсысының жеке талғамы мен дүниетанымын көрсетеді. Өйткені кітап оқу – білім алудың ғана емес, өзіңді дамытудың, жаңа идеяларға жол ашудың және әлемді тереңірек танудың маңызды құралы.